Коротков Андрей Васильевич

ҚЗ РУ 


Коротков Андрей Васильевич 17.06.1969, Беларусь Дәрігерлік дипломы бар фитотерапевт. 30 жылдан астам дәрілік шөптердің адам денсаулығына қалай әсер ететінін қадағалап, ғылыми зерттеумен айналысып келеді. Korotkov Balsams брендімен Fito-Apipharm компаниясының MLM өнімдерінің негізін қалаушы, әрі даярлап жасаған.
А.В. Коротков-шөппен емдейтін әулеттің 4-інші ұрпағы. Оның ата-бабалары «Столыпиндік реформалар» кезінде қайнатпалар мен тұнбалар дайындау үшін дәрілік шөптерді жинады. Олар емдік шөптердің қасиеттерін пайдалану жолдарын білген. Олар кәсіби шөп емдеуші болмаса да, анда-санда көршілеріне көмектесіп тұратын.

1. Бабалар ізімен
2. Фитотерапия кабинеті
3. Омартаны қойып, серіктестермен бірігу
4. Эксклюзивтілік зиян болған кезде
5. Ешкім артық емес
6. Компанияның веб-сайты, телефондар

Бабалар ізімен
20 ғасырдың ортасында Коротковтар отбасы Беларусьтен Қазақстанға көшіп келіп, Шымкент қаласына, жергілікті тұрғындар ескі қала деп атайтын бөлігіне қоныстанды. Жаңа жерге қоныстанған отбасы мүшелері Беларусьтегідей сол салада жұмысын жалғастырды — олар медицинада жұмыс істеді және дәрілік сығындылар мен майларды өндірумен айналысты. Көп ұзамай қала тұрғындары шөппен емдеушілер туралы білді, оған көбінесе Коротковтар емдеген көршілері де себепші болды. Отбасы мүшелері- Шымкентте заманауи шөп медицинасының негізін салушылар. «1960-1980 жылдары қалада емдік шөппен менің туыстарым ғана айналысатын. Оларды дәріхана болсын, аурухана болсын басқа жерден сатып алу мүмкін емес еді», — деп еске алады Fito-Apifarm негізін қалаушы. Коротковтар отбасы тұнбаларын Шымкенттің жоғарғы базарында ғана сатады. Андрей Коротков 15 жасынан бастап емдік шөптерді жинау үшін тауға отбасылық саяхаттарға қатысады. Рас, ол теңіз шырғанағының бұталарын іздегеннен гөрі табиғатты тамашалағанды ұнататын, бірақ нағашы апасы Андрейді ақша беріп ынталандырды. Біздің кейіпкеріміз шөппен емдеу оның бүкіл өмірінің мәселесіне айналады деп ойламаған, бірақ бір жағдай бәрін шешті. Досы футбол ойнап жүріп құлақ жарғағын жарақаттап алған. Дәрігерлер оның жазылуына асықпай, есту аппаратын жазып берді. Андрей Коротков досына көмектескісі келді және оған дәрі-дәрмек дайындауды ұсынған тәтесінен көмек сұрайды. Фитоэмульсия және оған қандай шөптер жинау керектігін ұсынды: «Енді мен алоэ, мумия, теңіз шырғанақ майы, эвкалипттің құрамын есіме түсірдім. Олардың пропорцияларын араластырым, олардан эмульсия жасап, емдеуге ұсыныстар бердім. Бір жарым айдан кейін өмір бойына есту аппаратын киюге кеңес берген ер адамның құлақ қалқаны жазылды»-, деп еске алады дереккөздерінде. Нәтижесін өз көзіммен көргенде, үміт пен сенім халыққа пайдалы болуға көмектесті. Оның медицинаға, шөп медицинасына деген шынайы қызығушылығы оянды. Осы сәттен бастап, ол бар күш-жігерімен отбасының шөппен емдеу құпиясын меңгерді.
Фитотерапия кабинеті
Әскерде қызмет еткеннен кейін Андрей Коротков Ташкентің Медицина
институтына түседі (ТашМИ).Кейін ол Алматы қаласындағы Дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтында профессор, фармацевтика ғылымдарының докторы Г.П.Павелковскаяның жетекшілігімен шөп емшілігі бойынша мамандық алды.Сонымен бірге Андрей Васильевич өзінің омарта шаруашылығын жүргізіп, оны зерттеді: бал, прополис, ара сүті, тозаң, балауыз алу процесі, қасиеттері мен қолдану әдістері, олардың дәрілік шөптермен әрекеттесуін бақылап,қадағалады. Aндрей Васильевич оқуын бітіргеннен кейін хирург болып жұмыс істеуді жоспарлайды, дегенмен, Шығыс медицинасы кафедрасында қысқа мерзімді курстарда шөп емдеу бойынша білімін тереңдетуді жалғастырады, оны аяқтаған соң осы бағытта дәрігерлік куәлігін алады. 1993 жылы Андрей Коротков дәрігерлік ғылыми дәрежесін қорғап, Шымкенттегі ауруханалардың біріне дәрігер болып жұмысқа орналасады. Заман қиын болғандықтан, жас дәрігер бірінші курсында отбасын құрды, екінші курста оның ұлы Владимир Андреевич Коротков дүниеге келді. Коротков бір уақытта екі жұмыста жұмыс істеді: түскі асқа дейін — ауруханада, түстен кейін — емханадағы жеке шөп дәріханасында. Коротковтың болашақ бизнесінің табысты болуының басты факторы — оның әйелі Виктория Викторовна Коротковамен кездесіп, жолы болғаны шығар. Ол да 1993 жылы Ташкент фармацевтикалық институтын бітірген. Олардың бір-біріне кәсіптері жақын болғандықтан, күйеуі аурулар үшін дәрілік шөптерді жинап, ал әйелі шөптерді фармацевтика ғылымының барлық ережелері бойынша дайындады. Отбасылық бизнестің алғашқы жылдары Андрейдің шөп медицинасының дәрігері ретінде де, бизнесмен ретінде де үлкен жетістікке жете алатын сала екеніне сенімі нығаяды. Ауруханадан кетіп, жеке тәжірибеге ден қойды, дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарының адам денсаулығына әсерін фармакология және биохимия деңгейінде терең зерттеді. Коротков білімін тереңдетеді. Алматыда дәрігерлердің біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.
Фармацевтика ғылымдарының докторы, фармакология, шөп медицинасы және гомеопатия саласындағы беделді маман, әйгілі «Қызыл май» полифитті майын әзірлеуші — Галина Павелковскаяның жетекшілігімен ол кәсіби байланыстарды дамыту үшін де осы платформаны пайдаланады: Павелковская арқылы Андрей Қазақстанның, Ресейдің және Қырғызстанның танымал шөп дәрігерлерімен танысады. Шымкенттік шөп дәрігерінің табысқа жету жолында кедергілер көп болды.Шөппен емдеудің тез нәтиже бермейтініне және бұған көп уақыт кететініне науқастардың көзін жеткізу керек болды.Тұндырмалар мен қайнатпалармен ұзақ емдеу курсына бәрінің шыдамы жетпеді.Шығудың бірден – бір жолы спирт пен май сығындыларын өз бетінше әзірлейтін өндірісті ұйымдастыру керек болды. Кейінірек Коротков май сығындысы негізінде фитомайларды дайындауды үйренді.
1999 жылы Андрей фитотерапиямен қатар омартамен айналысты. Бал мен ара өнімдері және олардың адам ағзасына әсері туралы білді. Андрейдің айтуынша, ол сығындыларды балмен және басқа да ара өнімдерімен біріктіруге тырысты.
Тағы бір мәселе, бұдан пайда аз болды. Коротковтар әулеті күніне 20-30 науқасты қабылдайды, бірақ тапқан ақшасы күнкөріске әрең жетеді. Андрей қосалқы бизнесті дамытуды ұйғарды — ол бал сату үшін досынан омарта сатып алды. Бірақ дәрігер кәсіпкерлікті өз қолына алды: біздің кейіпкеріміз балдың қасиеттерін және оны шөп медицинасында қолдану мүмкіндігін зерттей бастады. «Алғашында жұмыс ілгері баспады, бал быршып және қышқыл болды», — дейді Коротков өзінің тәжірибелері туралы, — бір жылдан кейін асқазан жарасын тыртық қалдырмай қатайтатын бал негізіндегі асқазан бальзамын дайындау технологиясы әзірленді. Бұл мен үшін шыңға шығумен тең болды».
Омартаны қойып, серіктестермен бірігу
2005 жыл Коротковтар үшін бетбұрыс болды. Алматыдағы ірі медициналық орталықтың иесі шөптен дәрі жасайтын жұбайлар туралы естіп, оларға іскерлік ұсыныс жасаған. Оңтүстік астаналық кәсіпкер өнімнің әрқайсысын сынақтан өткізу үшін сатып алды. Біраз уақыттан кейін серіктес Шымкентке екінші рет келді, бірақ бірлескен келісіммен өнімнің ассортиментін кеңейтуді ұсынды. Ерлі-зайыптылар гаражда сығындылар мен бальзамдар дайындағандықтан, пәтер дайын өнімдер мен шикізатқа толы болғандықтан, ескі дәріхананың үй-жайларын жалға алу туралы шешім қабылдады. Өндірісті бастау үшін 3000 доллар, бастапқы капитал Коротковқа ара шаруашылығын сатудан түскен. Ақша бірден жұмсалып, ресейлік қазандық қайнатқыштар сатып алынды, қалған сома жалдау ақысын төлеуге кетті. Алғашында бәрі жақсы болмады — кірістер өндірісті әрең жауып отырды, жалдау ақысын қарыз ақшамен төлеуге тура келді. Коротковтар отбасы жалақыға қанағаттанады және алынған кірісті қайта инвестициялайды. Сондықтан компания әлі де дамып, серіктестік бірлестікті кеңінен жалғастыруда.
«Нарықты кеңейту үшін серіктесім шөптен жасалған дәрілерді өндіруді заңдастыруға кеңес берді, сондықтан әйелім жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Кейін дәрілер тіркеліп, барлық қажетті сертификаттардан өтті», — дейді Коротков мырза. Шымкенттік шөп дәрігерлерінің байыптылығы мен тиянақтылығын айғақтайтын бұл құжаттардың арқасында бірқатар медициналық орталықтар мен дәріханаларды серіктестер қатарына қосуға мүмкіндік туды. 2006 жылы жаңа серіктес ретінде – «Асыл Арман» атты биологиялық белсенді қоспалар сататын — бірінші қазақстандық компания желісі пайда болды. Көп ұзамай желішілер сол кездегі ең үлкен тапсырысты жасап, Коротковтарға эксклюзивті серіктестік ұсынды. Бұл -тапсырыстардың одан әрі ұлғаюының дәлелі. Қалғандары өнімді тек сату үшін алғандықтан, олармен қоштасу оңай болды. Жергілікті бизнесті республикалық брендке айналдыратын кез келді. Фитоөнімдерді әзірлеуші ретінде Қазақстан Республикасының қалаларын аралап, семинарлар, вебинарлар өткізді, басқа да акцияларға қатысты, бір сөзбен айтқанда, маркетингке шебер болды. Сонымен қатар, бөлшек саудамен айналысқан серіктестік өндірістің жылдам өсуіне әкелді, 2006-2010 жылдары өнім 5 есеге өсті, (жылына 18 мың данаға дейін өнім шығарылды). Табылған қаражат экстракт өндіру желісін іске қосуға, қойманы кеңейтуге, зертхана мен орау цехын салуға, қызметкерлер санын көбейтуге мүмкіндік берді. Қарапайым ережені ұстанатын кәсіпкердің инвестициялық стратегиясы туралы айта кету керек: «Алтын жұмыртқа табатын тауықты союға болмайды!» Коротковтар отбасы жалақыға қанағаттанады және тапқан табысын қайта инвестициялайды. Сондықтан кәсіпорын мемлекеттік субсидиясыз болсын, банк несиесі болсын, сыртқы қаржылық қолдаусыз бүгінгі күнге дейін дамып келеді.
Эксклюзивтілік зиян болған кезде
«Қай жері жіңішке болса,сол жерден үзіледі»-, демекші бір дистрибьюторымыз ұтылып та қалды. Серіктестер өнімді сату барысында қиындықтарға тап болған жағдайда, олардың бұл әрекеті өндіріс қызметкерлеріне бірден кері әсерін тигізеді. «Асыл Арман» өз брендімен бал бальзамдары мен фитокремдерін сатты. Андрей Коротков оның көлеңкесінде қалды, егер оның аты аталса, тек әзірлеушілердің бірі ретінде ғана аталатын. Жағдайды түзету үшін 2012 жылы кәсіпкер бизнес үлгісін толығымен өзгертуге, ассортиментті жаңартуға, оны өзінің «Коротков бальзамдары» брендімен ілгерілетуге, сонымен қатар өз бетінше тарату арналарын құруға шешім қабылдады. Дәлірек айтсақ, бизнесті трансформациялау- бір жыл бұрын шымкенттік отбасы «Фито-Апифарм» компаниясын тіркеген кезде басталды. Келесі кезеңде Коротков өндірісті жаңартты: ол ескі қытайлық жабдықтарды жаңа еуропалық жабдықтарға ауыстырды, адсорбенттер мен майлы бальзамдар өндірісін іске қосты. Жаңа өнім тізбегі мемлекеттік тіркеуден сәтті өтіп, кәсіпкер жаңа нарықтарды іздей бастады. Бірінші жылы Коротков Қазақстандағы серіктесіне кедергі келтірмеу үшін Ресейге шөп өнімдерін сатуды шешеді. Бизнес-форумдар мен көрмелерде іскерлік байланыстар жүзеге асты. Бүгінгі таңда «Фито-Апифарм» өнімдерін Ресейдің 17 қаласынан сатып алуға болады, шымкенттіктер әртүрлі арналарды пайдаланады: дәріханалар, медициналық орталықтар, интернет-дүкендер. Ресейдегі өнімдерді сату географиясы — Калининградтан Владивостокқа дейін созылады.
«Phyto-Apipharm» негізін қалаушысы ағымдағы жылдың басынан бері компания «Асыл Арман» желілік компаниясымен эксклюзивті қарым-қатынасты үзген, сондықтан ол өз өнімдерін ішкі нарықта белсенді түрде алға жылжытуда және қазір оның өнімдерін Қазақстанның 30 қаласынан сатып алуға болады. «Егер біз өзіміздің маркамызды сақтау туралы шешім қабылдамасақ, «Асыл Арманның» ісі өрге басады деп сеніп қалсақ, белгісіз компания болып қалар едік », — деп сұхбаттасушы өткен кезеңді бағалайды. Алынған сабақ бір ғана серіктеспен эксклюзивті дистрибьюторлық қарым-қатынас — сізді оған толығымен тәуелді етеді, сату желісін мүмкіндігінше кеңіту қажет. «Біз брендімізді алға жылжытуға дайын кез келген адаммен келісімшартқа дайынбыз», — дейді Андрей Коротков. Қазір бізбен жұмыс істейтін көптеген серіктестер бар. «Біреу келеді, біреу кетеді», — өз брендімізді шығару уақыты — 2014 жыл қиын болды, бірақ бұл Коротков мырза үшін күтпеген жағдай емес. Кәсіпорынның айналымы қысқарды, сондықтан қызметкерлерді толық емес жұмыс күніне ауыстыру, барлық басқарушы персоналдың, соның ішінде меншік иелерінің жалақысын азайту қажет болды. Үнемделген ақша жарнамаға, БАҚ-тағы презентацияларға, радиодағы хабарларға, Андрей Коротков өткізетін апта сайынғы вебинарларға жұмсалды. Кәсіпорын тіпті өз газетін басып шығарады, онда дәрі-дәрмек мәселелерін жазып, өз өнімдерін жарнамалайды.
Ешкім артық емес
Қазақстан мен Ресей бойынша серіктестік желісі бар компанияда 17 адам жұмыс істейді дегенге сену қиын, бұл-әлі шағын бизнес. Өнімнің ассортименті 39 атауға жетеді: 16 бал, 11 жұмсақ желатинді капсуладағы майлы бальзамдар, 4 фитокрем, 1 фитотаблетка және энтеросорбент. Өндірістік мүмкіндіктер айына миллион қаптамаға дейін шығаруға жетеді. Бірақ қуаттар толық жүктелмеген – айына небәрі 15 мың бірлік. Себебі, Коротков игере алған базардың көлемі — әлі шағын. Сондықтан Phyto-Apipharm Қытайға барады: сынақ партиясы Аспан империясына жіберілді, қазір «Коротков бальзамдары» зертханалық сынақтардан өтуде. Жоспарға сәйкес, жақын арада Қытайға экспортты іске қосу жоспарланған. Phyto-Apipharm негізін қалаушы синтетикалық дәрі-дәрмектен гөрі шөп дәрілеріне көбірек сенетін қытайлықтардың менталитетіне бәс тіккен. Фито-Апифарм, Коротков мырзаның айтуынша, 100% табиғи өнім шығарады. «Сонымен қатар, біздің дайындықтарымыз тез жүріп жатыр. Мысалы, асқазан бальзамы ойық жараны бір айда емдейді, «Панцерия» жақпа үшінші дәрежелі күйіктерді тыртық пен пигмент қалдырмай 40 күнде емдейді,
«Энтеро-апифит» өткір тағамнан улануды небәрі екі сағатта емдейді. Біздің технология бірегей,оны қаптамада көрсетілген құрам бойынша қайта шығару мүмкін емес»,-дейді Коротков мырза. Ағымдағы жылы компания SOFT желатинді капсуладағы майлы бальзамды өндіру желісін іске қосты. Бор немесе крахмал түріндегі бірде-бір синтетикалық зат жоқ, сығымдалған шөптерден таблетка өндірудің жаңа технологиясын іске қосу жоспарлануда. Сату жүйесі де өзгерді. Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап Коротковтың фитоқұрамалары, оның ішінде желілік маркетинг арқылы сатыла бастады. Тәжірибе көрсеткендей, корпоративтік клиенттермен қарым-қатынаста тікелей сату жақсы, бірақ бөлшек саудада Қазақстанда дәрі-дәрмек пен косметика MLM арнасы арқылы жақсырақ ерекшеленеді.Біз

Поделиться ссылкой:

2 комментария к “Коротков Андрей Васильевич”

  1. Шолпан

    Табиғи шөптерден жасалған бальзам өнімдері адам ағзасына пайдалы, дертке дауа, шипалы болсын.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *